• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 23 Сәуір 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Қайролла Ережепов пен Бітім Кезбаев «Маңғыстау Медиаға» арнайы келді...

«Шеберханадағы бір күн»: Қоғам белсенділері пікір алмасты...

Есенғали Раушанов Маңғыстауға келгенде (ФОТО)...

«КазАзот» мекемесінің 40 қызметкері вакцина салдырды (ВИДЕО)...

Ақтауда «Grandmart» сауда желісі ашылды...

  • USD: 432.21 ₸
  • EUR: 520.38 ₸
  • RUB: 5.67 ₸

Зумба қандай спорт: артық салмақтан қалай арыламыз?

[ 2019 ] 6 наурыз, 11:12  |  Біле жүріңіз

Көктем келісімен көпшілік қалың киіммен қатар, артық салмақтан да арылуға көшеді. Ал салмақтан арылушылардың дені спорт залдарды жағалайды. Бүгінде фитнестің түрі көп. Соның бірі латын америка және әлем билеріне негізделген - зумба. Ақтауда, жалпы елімізде соңғы 5 жылда кең етек алған спорт түрі. Осы спорттық бидің қаладағы санаулы жаттықтырушыларының бірі Арай Серікқалиқызымен сұхбатты ұсынамыз.  - Алдымен зумба биінің тарихына тоқталсақ. Бұл қандай спорт, қайда, қашан пайда болған? - Зумба - қазіргі таңда қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Оны 2000 жылдары колумбиялық фитнес жаттықтырушы Альберто Перес ойлап тапқан. Қазіргі таңда лицензиясы бар фитнес түрлерінің қатарында. Әлемнің 186 еліне тараған. Статистика бойынша әлемде күн сайын 15 млн тұрғын зумбамен тұрақты айналысады. - Сонда бұның спорттық жаттығулардан артықшылығы неде? - Зумбаның ерекшелігі өте көп. Мұнда ешқандай спорттық құрал-жабдық қолданылмайды. Зумбамен күнделікті айналысып жүрген адам шаршамайды. Қан айналымы, жүрек жұмысы жақсарып, тыныс алу жолдары толығымен ашылады. Зумбаға тіпті протрузиясы бар, белі ауыратын адамдардың қатысуына да болады. Мұнда келген адамдардың ұйқылары қанық болып, таңда сергек оянады. Тіпті жаттығудан соң да шаршау болмайды. - Зумба арқылы қалай салмақ тастауға болады? - Кез келген спорт адам денсаулығы үшін пайдалы. Артық салмақтан арылуға да септігін тигізеді. Зумба да фитнес бағыттарының бірі болғандықтан адам денсаулығына пайдасы өте зор. Қазіргі кезде артық салмақ көп адамның «бас ауруына» айналған. Өйткені қозғалыс аз. Бұл белдің ауруына, арқа мен мойынға тұз жиналуына (остеохондроз) әкеп соғады. Соның барлығы - қимылдамағандықтан. Зумбамен айналысқанда дененің барлық бұлшықеті қозғалыста болады. Мұнда қы-келіншектер арықтауға үшін ғана емес, бұлшық етін қатайту үшін де келеді. - Жаттығу залына келер бұрын нені білу керек? - Бастысы көңіл-күй. Мұнда ешқандай спорттық жабдық қолданбаймыз. Сондықтан аса талап жоқ. - Неше жастан бастап қатысуға болады? - Зумбаның түрі көп, балалардан бастап егде жастағы кісілер үшін арнайы бағдарламалар бар. Бассейнге арналған «аква зумба», соңғы уақытта жақсы қарқын алып келе жатқан, күш-қайратты арттыратын «стронг бай зумба» деген түрлері бар. Залға келетіндердің ең үлкені - 65 жастағы кісі. Сондықтан мұнда жасқа шектеу жоқ. - Салмақ тастау үшін жаттығумен қатар дұрыс тамақтана да білу керек қой. Тамақтану ережелері туралы айтсақ. - Жаттығудан 1-1,5 бұрын тамақтанған дұрыс. Залға келер кезде майлы тамақ жемеген жөн. Өйткені дұрыс тамақтанбау жаттығу барысында кері әсер етуі мүмкін. Ал жаттығудан соң кейін 1-2 сағаттан соң жеңіл тамақтануға болады. Күніне әр адам 1,5-2 литр су ішуі керек. Ал жаттығу кезінде ағза құрғамауы үшін би арасында суды мөлшермен ішу керек. - Аптасына неше рет жаттыққан дұрыс? - Бұл әркімнің физикалық мүмкіндігіне қарай, тіпті күнде айналысуға да болады. Жалпы зумба сабақтары аптасына 3 рет қойылған. Бір жаттығу 50 минутқа созылады. - Барлығы нәтижеге бірден қол жеткізгісі келеді ғой. Жалпы зумбамен айналысқан адам қанша уақытта нәтижеге жетеді? - Нәтиже ағзаға байланысты. Кейбіреулер 1-2 айда нәтижеге жетеді. Керсінше кейбіреулер 3-4 айда да өзгермейді. Демек, гормоны дұрыс жұмыс жасамауы мүмкін. Жалпы, кез келген адам көбірек жаяу жүріп, аптасына 3 рет тұрақты түрде залға баруы керек. - Сөз соңында өзініңіз туралы айтсаңыз. - Өзім - эстрадалық, халықтық билерді орындаған бишімін. Оқу бітіріп, жұмысқа орналасқан соң қозғалыс азайып, белім ауырып бастады. Әлеуметтік желіден зумба туралы оқып, қатысып көруді ұйғардым. Ол осыдан 3 жыл бұрын болатын. Алғаш рет бәрі түсініксіз болды. Өйткені маған жасап жатқан іс-қимылдарым таңсық еді. Үшінші рет қатысқаннан кейін ұнады, әсіресе, музыкасы тарты. Екі жыл қатысып, үшінші жылы жаттықтырушым өз сыныбымды ашуға кеңес берді. Бірақ сол кезде оқуға мүмкіндік болмады. Бірақ кейін жаттықтырушым Ресейге көшіп кетті де, оқуды ұйғардым. 2018 жылы маусымда Астана қаласында арнайы курстан өтіп, «Халықаралық дәрежедегі зумба тренері» деген сертификат алдым. Мұнымен тоқтамай ай сайын өзімізді жетілдіріп тұрамын. - Сұхбатыңызға рахмет.

Сұхбаттасқан Ақсындар ТАБЫЛДЫ

1032
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
біле жүріңіз
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Бүгін - Алаш көсемі Әлихан Бөкейханның туған күні

Келесі жаңалық

Мал өсіріп, бордақылап сататындарға қандай талап қойылады?

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Медициналық сақтандыру туралы ең танымал 10 сұрақ

    16 наурыз, 14:10
    232

    Коронавирустың белгілері және сақтанудың жолдары қандай?

    [ 2020 ] 30 наурыз, 10:37
    1897

    Емхана немесе аурухана сапасыз қызмет көрсетсе қайда шағымдануға болады?

    [ 2020 ] 4 наурыз, 10:59
    1419

    Коронавирустың алғашқы белгілері қандай?

    [ 2020 ] 29 қаңтар, 11:51
    2495

    Көзді қалай күту керек?

    [ 2019 ] 11 желтоқсан, 05:45
    3752

    Қазақстандағы халық саны 19 миллионға жақындады

    [ 2019 ] 14 қараша, 06:11
    677

    Рубрикалар

      Байланыс мәліметтеріБейнеуҚұқықДенсаулықАстана - 20Аудан тынысыҚазақстан жаңалықтарыАнықтама бюросыМаңғыстау жаңалықтарыМәселеЖаңалықтарСпорт

    Автордың басқа да жазбалары

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    334

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    332

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    941

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    478

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    282

    Балықшылар демалыс орны бой көтереді

    11 ақпан, 16:00
    316

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»