Құрықта теңіз жағалауындағы 8000 шаршы метр жер абаттандырылып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Эскиздік жобаға сәйкес жағалауда көлік тұрағы, жағажай кабиналары, ыстық тағамдар мен кәуап әзірлеуге арналған орындар жасақталып жатыи. Одан бөлек жарық шамдары орнатылып, орындықтар қойылады. Аудан әкімдігі өкілдерінің айтуынша, алдағы уақытта тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған урналарды орнату және басқа да көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Конкурс нәтижесінде анықталған жеңімпаз мердігер мекеме "Paradise Kazakhstan" ЖШС-і тиісті жұмыстарды жүргізіп жатыр. Мердігер мекеме құрылыс жұмыстарын шілде айының ортасында аяқтауды жоспарлап отыр.