Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаев Құрық ауылындағы бірқатар еңбек ардагерлері мен тылда еңбек еткен қарияларды жаңа жыл мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
- Сіздерді келе жатқан жаңа жыл мейрамымен шын жүректен құттықтаймын. Жаңа жыл - жақсылық пен игіліктің бәрін алдағы уақыттан күтетін жақсы үміттің, халқымызды көл-көсір қуанышқа, шаттыққа бөлейтін мереке. Сіздердің жүріп өткен сара жолдарыңыз, ұрпақ үшін үлгі өнеге екені хақ. Шаңырақтарыңызға шаттық орнап, келер жылы берекелі, мерекелі жыл болғай! Немере-шөберлеріңіздің қызығына тоймай, аман - есен отыра беріңіздер! Мереке құтты болсын!-, деді аудан әкімі Сымбат Төретаев.
Ақсақалды аталар мен ақжаулықты аналар өздерінің алғыс-тілегін жеткізіп, елге амандық тілеп, баталарын берді.
Айта кетейік, аудан әкімінің бастамасымен аудан көлемінде «Ардагерлерді ардақтайық», «Жаңа жылдық қоржын» сынды игі істер өтіп жатыр.