Қарақия ауданының әкімі Сымбат Төретаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан қайырымдылық шарасы ауданның әр елді мекенінде жалғасын тапты. Демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылған акция аясында аудандағы елді мекендердегі 100-ден астам отбасыға азық түлік топтамасы, балаларға тәтті сыйлықтар үйлестірілді.
- Аз қамтылған отбасылар мен тұрғындарға жаңа жылдық көңіл күй сыйлаған ұйымдастырушыларға, аудан, ауыл әкімдеріне алғысымыз зор.
Қаншама отбасыға қарайласып, көңіл бөліп жатыр. Ең бастысы балалар қуанып, адамдар мерекені сезінді, жыл жақсылығымен келсін!, - дейді ризашылығын білдірген тұрғындар.
Айта кетейік, мерекеге орай барлығы 200-ден аса тұрғынға азық-түлік топтамасы таратылды. Сондай-ақ жүздеген ерекше балаларға сыйлықтар мен тәттілер үлестірілді. Аталған қайырымдылық шараға ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы, жалғыз басты отбасылары қамтылды.