Қарақияда қайырымдылық науқаны өтті. Аталған кездесу ауданның әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы және жалғыз басты отбасыларымен өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Аудан басшысы Сымбат Төретаевтың бастамасымен жаңа жыл мерекесі қарсаңында 100-ден аса аудан тұрғынына азық-түлік топтамасы мен тәтті тіске басар сыйлықтар таратылды.
- Сіздерді жаңа жылдарыңызбен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жыл бақ-берекесімен, ырыс-несібесімен келсін. Осынау мереке қарсаңында Сіздерге мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында аудан аумағында ауқымды іс-шара өткізіп жатырмыз. Тағы да мерекелеріңіз құтты болғай. Ұл-қыздарыңыз аман болсын,- деді аудан әкімі Сымбат Төретаев.