Қарақия ауданындағы Болашақ ауылдық округіндегі мектепке қосымша ғимарат пайдалануға берілді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ауылдағы №10 жалпы білім беретін мектептегі оқушылардың саны артуына байланыстыбілім ордасына қосымша ғимараттың қажеттілігі туындаған.
Бастауыш сынып оқушыларына қосымша кабинет пен асхана ашу үшін, «Қазақстан темір жолы» ҰК АҚ-ның Маңғыстау магистралдық желі бөлімшесінің 50 орындық асхана ғимараты мектептің теңгеріміне беріліп, жөндеу жұмыстарын жүргізуге бюджеттен қаржы бөлінген.
Қазіргі уақытта мердігер «Тұржанов» ЖК жөндеу жұмыстарын толықтай аяқтады. Барлық талаптарға сәйкес жасалған бұл ғимаратқа бастауыш сыныптың 92 оқушысы көшіріліп толыққанды сабақтар жүргізіліп жатыр.