Ақтаудағы Ә.Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі комиссияның екінші отырысы өтті.
Комиссия отырысына саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның мүшесі, тарих ғылымдарының докторы - Озғанбаев Өмірзақ Озғанбайұлы қатысты.
Комиссия отырысында негізгі 2 мәселе қаралды.
Біріншісі – Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмысшы тобының 2021 жылдың I тоқсанында атқарған жұмыстары.
Екіншісі – Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің тарихшы ғалымдары тарапынан жасалған жұмыстар.
Сонымен қатар аталған тақырыптарда және өзге де мәселелер жөнінде комиссия мүшелері қоғам қайраткері, өлкетанушы Еділхан Алқажан, тарих ғылымдарының кандидаты Жанат Нұрмаханова, қоғам қайраткері Маңдайлы Қосымбай, Ә.Кекілбаев атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сұлтанбек Құдайберген өз ойларымен бөлісіп, пікірлерін білдірді. Айта кетейік, бұл жөнінде Қарақия ауданында да арнайы жиын өткізілген болатын.
Өз тілшіміз