© Видеодан скриншот
Атамекен ауылдық округіндегі “Atameken” мейрамханасы карантин талаптарына қарамастан ұзату тойға тапсырыс алған, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан әкімі Рахат Елтизаров тойға келген қонақтарды кері қайтарды.
Мониторинг топтың айтуынша, тек той иелері тойхана ішінде қалып қойды. Оларды мейрамхана әкімшілігі 5 сағат бойы ғимарат ішінде ұстады. Артынша той иелері терезе арқылы шықты.