Мұнайлы ауданының Басқұдық ауылдық округінде “Ауыл - ел бесігі” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Орда” мейрамханасынан “Мейрамгүл” шағын маркеті аралығына асфальт жол төсеу жұмысы басталды. Бұл туралы Мұнайлы ауданы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бисенғали Кенжалиев мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Оның айтуынша, жалпы ұзындығы 2 шақырым автокөлік жолына асфальт төселеді.
“Өздеріңіз білетіндей, Басқұдық ауылы халық көп және тығыз орналасқан елді мекен. Құрылыс жұмысы басталған жол - ауылдағы орталық жолдардың бірі. Құрылысқа жауапты мердігер мекеме “ПромСтройМонтаж21” жұмысты жыл аяғына дейін бітіреді деп жоспарланған”, - деді Бисенғали Аманғалиұлы.
Айта кетейік, құрылыс жұмыстарына 16 қызметкер, 8 техника жұмылдырылды.