Құрық ауылы мен оған қарасты Ералы елдімекеніндегі ескірген спорт алаңдары күрделі жөндеуден өтті. Бұл туралы Құрық ауылының әкімі Ғабит Салихов айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ауыл әкімінің айтуынша, Құрық ауылының Жолшы көшесі мен Ералы елдімекеніндегі ескірген спорт алаңдарын жөндеу жұмысына ашық конкурс ұйымдастырылған. Жөндеу жұмыстарын мердігер мекеме «Алаш констракшн» ЖШС жүргізді.
«Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстары толық аяқталды. Нысанға газон төсеу, спорт алаңдарын сырлау, орындықтар орнату, ойын алаңының төменгі жиегін қаптау, брусчаткалар төсеу сияқты жұмыстар жүргізілді», - деді Ғабит Салихов.