31 шілде күні карантинге қарамастан Басқұдық ауылдық округіндегі “Aq SARAI” мейрамханасында той өткізген. Аудан әкімі мен мониторинг топ өкілдері тойды тоқтатып, тойға жиылған тұрғындарды таратты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Дәл қазір тек мейрамхана иелеріне ғана емес, тойға тапсырыс берушілерге де айыппұл салынып жатыр.
Құрметті аудан тұрғындары, өңірде эпидемиологиялық ахуал күрделі. Сондықтан көп адам шоғырланған орынға бармаңыздар. Денсаулығыңызды сақтаңыз, делінген Мұнайлы ауданы әкімінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.