Мұнайлы ауданының әкімі Рахат Елтизаров тойға келген тұрғындарды кері қайтарып жатыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Аудан әкімі тұрғынға өңірдегі эпидахуалдың тұрақсыздығы, сондай-ақ коронавирус жұқтырғандар саны күрт өсіп, аурудың асқынып бара жатқанын айтты. Облыста індеттен қайтыс болғандар саны 1 тәулікте 14-ке жетті, 1 400 адам ауруханада емделуде. Науқастардың басым бөлігі оттегі аппараты арқылы тыныс алып жатыр.
Осы ретте Мұнайлы әкімі аудан тұрғындарын той, садақаға бармауға, көп көлемде жиналып, шара жасамауға және денсаулықты күтіп, аурудан сақтануға шақырды.