Президент Қасым-Жомарт Тоқаев екі күндік жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбук парақшасында жазды.
"Бүгін Мемлекет басшысы Ақтау қаласында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өткізіп, жаңа спорт кешеніне барады. Сондай-ақ қаланың туристік аймағындағы бірқатар инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысымен танысады. Ертең Қасым-Жомарт Тоқаев «Отпантау-2021» командалық-штабтық оқу-жаттығуын бақылайды", делінген хабарламада.