Маңғыстау ауданында дәстүрлі әнші Қыдырбай Жұманов атындағы жүлдеге арналған балалар мен жасөспірімдер арасында «Адайдың жеті қайқысы» дәстүрлі ән байқауы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шараны аудандық балалар өнер мектебі «Балалар жылына» орай ұйымдастырды. Байқау жас ерекшелігіне байланысты орта (10-13 жас) және жоғарғы топқа (14-16 жас) бөлінді.
Сайыс нәтижесі бойынша Нұн Жұбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің және № 7 мектеп-лицейінің оқушысы бас жүлдені иеленді.
Мөлдір Нәби мен Насихат Ақбергенұлы 24 маусым күні Шайыр ауылында өтетін дәстүрлі ән орындаушысы Қыдырбай Жұмановты еске алу кешіне қатысуға жолдама алды.
Дүбірлі додаға қатысқан оқушыларға Қыдырбай Жұманов туыстарының демеушілігімен қаржылай, заттай сыйлықтар мен дипломдар табысталды.