Маңғыстау ауданында «Жасыл ел» жастар жасағының жаңа маусымы басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Жасыл ел» бағдарламасы жазғы маусым кезінде жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындарының студенттері мен мектептің жоғары сынып оқушыларын жұмыспен қамтуға үлес қосып келеді.
Жаз бойы 150 жас «Жасыл ел» жасағында еңбек етеді. Олардың қатарында оқушылар да бар. Аудан жастары әлеуметтік нысандарда тазалау жұмыстарын жүргізеді.
- Маңғыстау ауданында биылғы бағдарлама аясында 150 жас еңбек етпек. Жастар қазір заманға сай жаңашылдықты жақсы көреді, өмірдің әр саласына «Жасыл елдің» ізін қалдырғысы келеді. Аудандық «Жасыл ел» еңбек жасағы аудан орталығы Шетпе ауылында абаттандыру мен көгалдандыру және саябақтарды тазалау жұмыстарын жүргізеді, - деді Маңғыстау ауандық «Жасыл ел» штабының командирі Дастан Тұрашев.