1985 жылы туған шебірлік түлектер ауылға «Қош келдіңіздер» аллеясын сыйға тартты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Аталған аллеяның ашылуына Маңғыстау ауданының әкімі Тілек Көшмағанбетов және аудандық мәслихат хатшысы Абзал Сарбалаев қатысты.
Шара барысында ауданның дамуына үлес қосқан ауыл тұрғындары алғысхатпен марапатталды.
Мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған 1995 жылғы түлектер де тұғырлы Ту орнатып, ауыл ажарын көркейтті.
- Түлектер әкімдікке келіп, өз ұсыныстарын айтқанда, тікелей қолдау білдірдім. Салынған нысандарды еш кедергісіз әкімдік балансына алып, күтіп ұстаймыз. Ұйымшылдық пен туған жерге жанашырлықтың арқасында ауылымыз көркейе түсті. Жалпы мамыр айы – мерекелі ай. Осы айда Шебірде бірнеше іс-шара жоғары деңгейде өтті. Мұның бәрі ауызбіршілігі бекем, оң істерге қашан да қолдау білдіретін ауыл тұрғындарының арқасы", - деді Шебір ауылының әкімі Лаура Рыспаева.
Ауыл әкімінің айтуынша, биыл Қаратөбе орта мектебінен 16 оқушы түлеп ұшпақ. Осы ретте оқушыларға сәттілік, жарқын болашақ тіледі.