Ақтау қаласында футболдан өткен облыстық «NS CLUB» турнирінде «Бейнеу жастары» командасы чемпион атанды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Жарыс «NS CLUB» футбол академиясының ұйымдастыруымен 23 қаңтар және 6 ақпан аралығында өтті. Аталған турнир алғаш рет өткізіліп отыр. Турнирге 16 команда қатысты.
«Командалар ішінде бірінші орын иелендік. 2-орынды Мұнайлы ауданының «Шоғы» командасы және 3-орынды Ақтау қаласының «Dental Art» командасы алды. Спорттық дода қорытындысы бойынша бейнеулік ойыншылар Азамат Алдерзин «Үздік қорғаушы» және Жандос Атағұлов «Үздік мерген ойыншы» атанды. Алдағы уақытта да жарыстарға қатысып, ауданның намысын биікке көтереміз», - деді команда жетекшісі Азамат Алдерзин.
Айта кетейік, «Бейнеу жастары» командасы 2020 жылдың желтоқсан айында құрылған. Алғаш рет облыстық турнирге қатысып, чемпион атанып отыр.