Боранқұл орта мектебінің қос қызметкері «ТеңізШевройл» ЖШС-нің қаржылай қолдауымен Орталық Азияның Еуразия Қоры ұйымдастырған «Қоғамдық кеңістіктер» жобасын жеңіп алды. Айтбай Сиық пен Қайыржан Сапаров былтыр күзде жобаны жүзеге асырудың жолдарын үйрететін семинарға қатысады. Кейін ірі компания ұйымдастырған байқауға қатысуға бел буады.
«Біз әріптесіміз екеуміз мектепті абаттандыру, көгалдандыру мақсатында «Мектептің көркеюі - ауылдың көркеюі» атты шағын жоба ұсындық. Жалпы Боранқұлдан байқауға 25 жоба қатысты. Соның ішінде үздік танылған 5 жобаның ішінде бізде бармыз. Бізге 1 млн 153 мың теңге бұл қаржы берді. Бұл қаржыға мектеп алдына 6 орындық, 6 қоқыс жәшігі, 12 гүлзар, 10 жарық шамы орнатылып, 100 м2 жерге гүл отырғызылды», - деді жоба авторының бірі Айтбай Сиық.