Бұл туралы Бейнеу аудандық орталық аурухана директорының міндетін атқарушы Берік Абдуллаев айтты.
“Аурухананың асханасына және кір жуу орнына жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы тарапынан 6 млн 100 мың теңге бөлінді. Қыркүйек айында басталған жөндеу жұмыстарын «Диас-Құрылыс» ЖШС жүргізуде. Қазіргі таңда жұмыстардың 50% аяқталды. Қазан айына дейін пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз”, - деді Берік Абдуллаев.
Айта кетейік, 120 орындық аурухана 1981 жылы салынып, 1982 жылы пайдалануға берілген. Ал қосымша перзентхана 2012 жылы салынды.