Бұл туралы Бейнеу аудандық орталық аурухана директорының міндетін атқарушы Берік Абдуллаев мәлім етті.
«Аурухана ғимаратына орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды. Баллондарды бұрын әр бөлімшеге, әр қабатқа тасымалдайтынбыз. Ендігі кезекте барлық баллондар арнайы қораптарда орналастырылып, сол жерден түтікшелер арқылы бөлімшелерге жеткізіледі», - деді Берік Абдуллаев.
Сондай-ақ, аудандық ауруханаға құны 67,5 млн теңге болатын эксперт класты УДЗ аппараты сатып алынды. Сондай-ақ екі дана өкпені жасанды дем алдыру аппараты, бір дана ЭКГ аппараты, бір дана нәрестелерге арналған кювез бен екі дана гемодиализ креслосы сатып алынды. Алдағы уақытта тағы қосымша құрылғылар сатып алу жоспарланып отыр.