Бұл туралы Бейнеу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Бауыржан Оңғарбаев айтты.
«2017 жылдың 26 шілдесінде Маңғыстау облысы әкімі орынбасарының өңір бойынша өрт сөндіру бекеттерін құру жөніндегі жоспарына сәйкес, Бейнеу ауданының Боранқұл ауылында өрт сөндіру бекеті құрылды. 13 адам жұмысқа орналасып, оған аудандық бюджеттен 3 000 000 теңге қаражат бөлінді. Өрт сөндіру техникасының барлық құрал-жабдығымен және арнайы киімдерімен бірге Боранқұл ауылы әкімдігінің меншігіне берілді», - деді Бауыржан Оңғарбаев.
Айта кетейік, өрт сөндіру бекеті Боранқұл мәдениет үйінің ғимаратында және орталық аурухана гаражында орналасқан. Бекет жатын бөлмемен, асханамен және байланыс телефонымен қамтамасыз етілген. Байланыс нөмірі 3-11-11.