Бейнеу ауданында техникалық мамандықта білім алатын студенттер үшін жаңа құзыреттілік орталығы ашылды. Орталық Бейнеу политехникалық колледж базасынан құрылды. Бұл туралы колледж басшысы Нұрбол Бурин мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Оның айтуынша, арнайы орталық инженер-педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бойынша сапалы қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді.
«Жаңа орталық инженерлік дизайн, веб-дизайн, видео өндіріс, графикалық дизайн салаларына арналған жабдықтармен қамтамасыз етілді. Онда оқу зертханасы, «WorldSkills» тренажерлық жаттығу кабинеті орналасқан. Құзіреттілік орталықтың жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін алдағы уақытта көшпелі және қашықтықтық әдістемелік іс-шаралар, конкурстар мен семинарлар, шеберлік сағаттар өткізіледі», - деді Нұрбол Бурин.