©
Астана қаласында «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің орталық кеңесінің ұйымдастыруымен республикалық ардагерлер ұйымының 30 жылдығына орай қоғамдық мұражайлар қызметінің республикалық байқауы өткен болатын.
Осы байқауда салалық мұражайлар номинациясының III дәрежелі дипломын Түпқараған ауданындағы «Дарын» қосымша білім орталығының академигі Салық Зимановтың өмірі мен шығармашылығына арналған мұражайы жеңіп алды. Аталмыш байқаудың қорытындысы негізінде дипломды тапсыру үшін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Аманғали Күзембаев «Дарын» қосымша білім беру орталығының директоры Гүлшат Қанжанды арнайы қабылдады. Үнемі шығармашылық байланыста жастармен жұмыс жасап, ұрпақ тәрбиесіне қызмет етіп келе жатырған орталықтың жұмысына сәттілік тіледі. Сонымен қатар алдағы уақытта қосымша білім беретін орталықты академик Салық Зиманов атымен атауды да ұсынып жүргендіктерін атап өтті.
Милана ЕЛЕУСІНОВА
Көрнекі сурет архивтен
Тағы оқыңыздар: Жасөспірім қыздар мәселесі «сенім купесінде» сөз болды