Шамамен осыдан отыз жыл бұрын қазақ топырағына табаны тиген неміс фотографы Вольфганг Кайел Маңғыстау облысында түсірген суреттерін жариялады. Бейнеу ауданында фотографтың обьективіне ілінген суреттегі адамдардың біразы бүгінде өмірден өтіп кетіпті. 1993 жылы Маңғыстау облысына келген неміс фотографы Вольфганг Кайел (Wolfgang Kaehle) мектеп маңында көптеген суреттер түсірген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Экспресс К-ға сілтеме жасап.
Араға ондаған жыл салып жарияланған фотоларды көрген аудан тұрғындары жерлестерін таныды.
Бейнеу ауданының тумасы Азамат Таймұханмедовтің 1993 жылы түсірілген суреттегі төрт қызды танитынын айтты. Солдан оңға қарай Раиса Таймұханбетов (Азаматтың әпкесі), Айнұр Римова (1996 жылы қайтыс болған) және әпкелі-сіңлілі Гүлсім мен Гүлнар Медешовалар.
Аудан тұрғындары бұл кісінің есімі Оразбай Мұханбетов екенін айтады. Олардың айтуынша, малақай киген адам Бейнеу ауданының Ақжігіт елді мекенінде теміржолшы болып қызмет кеткен. 1938 жылы дүниеге келіп, бірнеше жыл бұрын өмірден өтіпті.
Егемендік алған жылдары Бейнеу ауданындағы орта мектептердің бірінің оқушысы болған Рима Ережепова. Суреттегі кішкентай қыз сол сәтте неміс фотографының объективіне ілінгенін байқамаған еді. Бейнеулік оқушылар үзіліс кезінде. Бұл уақытта Қазақстанда әлі теңге айналымға еңбеген. "Бұл суретке түскен кездер әлі есімде. Ол фотографтың қалай фотоаппаратын шығарып, бірден түсіргенін де жақсы білем. Сабақтан шығып сағыз алуға барған кезіміз болатын. Сағыздың бағасы 15 тиын тұратын. Сол мезетте фотограф бізді таспаға түсіріп жатты", дейді Римма Ережепова.
Бейнеудегі теміржол вокзалының алдындағы үш қыз — Сара, Роза Ермековалар және Ақерке Серікова. "Суретті көріп өзімді бірден таныдым. Дәл осы жылы 5-ші сыныпта оқитын едім", — деді Роза Ермекова (суретте ортада тұр).
Суреттегі оқушы қыздың есімі Гүлмира екен. "Бүгінде тұрмыста. Жандос есімді танысымның жұбайы" деп жазды фейсбук қолданушысы Жандос Аманжолов.
Вольфганг Кайел аудан маңындағы жайылымдарды да назардан тыс қалдырмаған. Шөлейт аймақта жайылып жүрген ешкілер шетелдік қонаққа қызық болған сияқты.
1993 жылдың көктеміндегі Бейнеу суреттері осылайша араға ұзақ жылдар салып жарыққа шығып отыр. Ал нысанаға ілінген жандар өз бейнелерінің шетелдік сайтта жарияланғанын көріп, таң-тамаша болғаны анық.