• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Сәрсенбi, 22 Қырк. 2021

Қосымшалар

Редакция
Газеттер
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
    • EXPO - 2017
    • Жаңаөзен - 50 жыл
    • Астана - 20
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Рухани жаңғыру
  • Әдебиет
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Электр энергиясын талан-таражға салып жүрген кімдер?...

Кадрлық тәжірибе алмасу - маңызды...

Маңғыстаудың денсаулық сақшылары «Сенімге» сенеді...

Маңғыстаудың ұмытылған бұлақтарын зерттеу экспедициясы басталды...

Бибісара Асаубаева Маңғыстауға Азия чемпионы болып оралды...

  • USD: 425.75 ₸
  • EUR: 499.32 ₸
  • RUB: 5.85 ₸

Тағы да «Өзен» туралы

[ 2018 ] 25 сәуір, 10:05  |  анонс

Біз бұдан бұрын «Өзен» атауы туралы бір-екі мақала жариялағанбыз. Онда «Өзенмұнайгаз» компаниясына қарасты №2 мұнай және газ өндіру басқармасының шығыс жағында жарқабақтың астындағы доғаша иілген сайдың ішіндегі құдық туралы әңгімелегенбіз. Бұл туралы біздің ең бірінші сұхбаттасымыз байырғы бұрғышы Рахим Серікбаев ағамыз «Өзен» деген құдық осы» деп, оның ерекше қасиеттері туралы айтып берген. «Өзен» деген атаудың шын мәнінде құдық екені белгілі. Бірақ құдық қалайша «Өзен» деп аталады? Шөл даладағы құдыққа, жарайды суы мол бола берсін, не үшін «Өзен» деген ат қойылған? Бұл атты Адайдың ертедегі жыршы, жырау, ақын, термешілерінің айтқан сөздерінен де аңғаруға болады. Бірақ оларда да «не үшін Өзен деп аталған?» деген сұраққа жауап берілмеген. Тіпті ол кездері ондай сұрақтар ешкімді қызықтырмаған сияқты. Сұрақ туындамаса, әрине жауап та болмайды. Осындай сөздерді Өскінбай Қалмамбетұлының XIX ғасырдың аяғында Маңғыстаудың қара ойындағы әйгілі жер-суларды сипаттаған жырларының бірінде: «...Оның былай сыртында, Аса түскен дөңдері, Өзен-Шынжыр белгілі. Борсымұрын, Қарабас, Шөбін байқап қарасам – Бұйырғын, жусан аралас...», - деп жалғасып кете береді. Осындағы Қарабас - Өзен ойының терістік батыс ернеуіндегі Қамысбай Балқасым бидің құдығы көрінеді. Ал «Өзен» деген құдықты кім қаздырды, кім қазды? Қашан қазылды? Құдық не үшін «Өзен» аталды деген сияқты сұрақтарға жауап іздеп, зерттеу жұмыстарымызды жалғастыра бердік. Сол кезде Жаңаөзен қаласында тұратын Келдібай Өтемағанбетов пен Теңге ауылында тұратын Суатбай Қанқулиев деген азаматтардың Өзен Қиғылықұлы деген байдың ұрпақтары екені анықталды. Оларға әлгі Рахим Серікбаев жол бастап барып, өзінің жас кезіндегі шаруашылықтың қой, жылқыларын баққан кезінде, малдарын суаратын, өздері «Өзен» деп атап кеткен құдыққа апарып көрсетті. Істің ақ-қарасын анықтап, қолға алған тақырыпты ашу үшін журналист ретінде біз де бардық. Бұл туралы «Өзеннің ұрпақтары Жаңаөзеннен табылды» деген көлемді мақаламызда егжей-тегжейлі айтылды. Біз осынау мақалаларды жаза отырып, оқырмандардың нақты пікір білдірулерін өтінгенбіз. Оған байланысты аймағымызға танымал белгілі өлкетанушылар өз ойларын ортаға салды. Солардың ішіндегі мемлекеттік қызмет істерінің ардагері, өлкетанушы Алқажан Еділхан ағамыз өз ой-пікірлерін төмендегіше білдіріпті. Бұлар көбінесе баяғы орыстар сызған картаға сүйене сөйлеген. Алқажан Еділханның қолында да Д.Ливкиннің 1902 жылы сызған картасы бар екен. Онда «Өзен құдық көлі» деп аталған. Алқажан ағамыз осылар туралы былайша сыр шертеді: - 1965 жылдың жазында екі ойдың – Шынжыр мен Өзен арасынан «Екпінді» мен Шевченко атындағы ұжымшарлар пішен дайындады. Ақтаудан келетін жоғары кернеулі желінің алыстан қарағанда сұңғақ бойлы қазақ қызына ұқсайтын темір тіреулері орнатылған. Бірақ сымдары тартылмаған уақыт болатын. Су құбырының орны біздің көз алдымызда қазылды. Күні-түні ағылған неше түрлі көлік сол жылғы бітік шыққан шалғынның тас-талқанын шығарған. Қалған жусанды аман алып қалуға тырысып, екі ауылдың пішеншілері өзара жарысып, жүргіншілермен таласа тірлік етті. Соңғыларының аракідік адамдары бізге келіп Теңгені сұрайды. Жетінші сыныпты бітірген тіркемеші баламын. Бәрін білгім, көргім келеді де тұрады. Шығыс жағымызда өте үлкен ой бар, аты - Өзен .Ортасында ащыағар өзені бар дегенге, Жемдей болмаса да, Манашыдай болар деп жүрдім. Барудың сәті ол жолы түспеді. Кейін жүре келе байқағаным, шынында да, осы ойда кезінде едәуіршік өзен болған екен. Себебі Қыземшектің, Соққының, Бесіктің жазықтарының күнгейіне түскен ылғал сол Өзеннің ойының ортасындағы сорға келіп құяды екен түбінде. Ойды теріскейінен көмкерген шыңның етегінде бұлақтардың орындары сақталыпты, құдықтар қазылыпты. Іштерінде Талақ сияқты әйгілілері де бар. Құр Қызылсайдан басталған суағар жыра да отыз шақырымнан аса айналып жүріп, Талақтан келе жатқан сайға қосылып, ақыры сол сордан шығады. Бүгінгідей Маңғыстаудың құрғақшылық дәуірінде ол бұлақтар тартылған, құдықтары құрғап қалған. Ащыағар да ойдың ортасынан өтетін жолдың күнгейінде ғана ыза күйінде ағып жатыр. «Өзен атауы бұрын болмаған» деген пікірді де естіп қалдым. XIX ғасырдағы орыстың әскери карталарында «кол. Узень кудукъ» (картадағы ескі орыс орфографиясын сақтап отырмын: -А.Е) деген атау кездеседі. Бұл құдықтың орыны қазір де бар. Заманында керуен соқпай өтпейтін су көзі болған. Жүргіншілер үшін маңызы Мыңорпадан (қазіргі Құландының маңайында. -А.Е), Қауынды-Шапалақтан кем емес, берісі Бекдашы-Алтыншыдан, әрісі Шағадамнан келе жатқан ұлы жолдың бойындағы күдері шымырау. Ұштаған ауылында 1934 жылы осы ойда туылған Өзен атты елге танымал ағамыз болды. Соған қарағанда күні кеше, ел ауғанға дейін бұл маң тұрақты қоныс болған. Ойды жағалай кездесетін Түрікменадай, Қамысбай, т.б. ауылдарының там, қорымдары да осы жайтқа меңзейді. Енді Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы мекемесінің директоры Нұрлан Құлбаевтың да пікіріне құлақ түріп көрелік. Оның айтқандары да Алқажан Еділхан мырзаның сөздеріне саятын сияқты. Бірақ Нұрлан Өзен құдығының түп дерегін тым әріден, яғни ежелгі Тетис мұхиты дәуірінен бастайды. Сол Тетис мұхиты тартыла-тартыла келіп, әлгі Өзеннің ойындағы сайға шөгіп, сорға айналған деген болжам айтады. - Бұл құдық – Жаңаөзеннен Ақтауға бағыттап бара жатқандағы күрежолмен жүргенде 21-шақырымда оңға бұрылған тұста «Сары ишан» деген жазуы мен көрсеткіш бағыты бар белгі болуы керек. Асфальтталған жолдан қара жолға түсіп 3 шақырымдай жүріп, ойға шығысқа қарай құлайсыз. Сол жерде Жаманадай, Сары қасқа, Қамысбай ауылдарының үлкен ескі қорымдары бар. Қасына түнеухана салынған. Малшы ауылдар отырған. Сол жерде 4-5 құдық болған. Міне, «Өзен» деп аталатын құдықтар осылар. Ол «Үлкен өзен», «Кіші өзен» деп аталады. Екеуінің басын біріктірген бұлақ болған. Артылған су құдықтан ағып, сорға құяды. «Ескі Өзен», «Узень поселкесі», тіпті қазіргі қалаға қойылған «Жаңаөзен» деген атауының да түп дерегі осы. Бұл деректің бәрі ертедегі ескі карталардың бәрінде бар. Ал мынау 1774-1799 жылдары жасалған карталар. Жалпы Өзен деген құдық та бар, сол жерде сай да бар, бұлақ та болған. Біздің қазақ өте ырымшыл халық ғой. Бір жаз сол құдықтың басында мал бағып, мал суарып отырғанда, айы-күні толып келіні босанса, немересінің есімін «Өзен» деп қоя салатыны да белгілі. Тіпті мәшине де, пойызда кетіп бара жатып балалы болса, біздің көңілшек қазекең нәрестесінің атын Шопыр деп те, Машинист деп те қоя салады. Мынау Қырықмылтық ауылында үш тумалас Бұқар, Үргенішбай, Хиуа деген атақты аталар өткен. Сол сияқты сегіз арыс Адайдың кез келген тақтасында, қала берді басқа руларда да Өзен деген есімге ие болған талай азаматтың болуы ғажап емес. Оған таң қалуға да болмайды. Себебі ол біздің – қазақы қалпымыз. Жаңалыққа, жақсылыққа құштарлығымыз. Құдықтың картадағы ЖПС үйлесуі солтүстік ендігі 43 градус, 23 минут, 19/29. Шығысы 52 градус, 40 минут 34 миллисекунд. Қызылсай ауылына 33, ал Жаңаөзен қаласына 21-25 шақырым қашықтықта. Мысалы, Өзеннің ойындағы «Төңірек шың» дейтін ойда да бір-екі құдық бар. Осы сияқты әр жерде осындай ескі құдықтардың орындары жиі кездеседі. Дегенмен олардың бәрін «Өзен құдығымен» шатастыруға әсте болмайды. «Талақтың ойы», «Өзеннің ойы» қатар жатыр десе де болады. Ал Жетібайға жақын жерде «Шынжырдың ойы» бар. «Тасболат», «Шынжыр», «Өзеннің ойы» түгел Жаманадайлардың мекендеген жері. Шақшағы, Жанқабылы, Байқабылы бар, түгел Жаманадайлар. «Талақтың ойын» Қамысбай, Қырымқұлдар мекендеген. Арасында Шегем ауылымыздың орындары да кездеседі. [caption id="attachment_52722" align="aligncenter" width="1000"] Өзен құдығының көрінісі [/caption] [caption id="attachment_52723" align="aligncenter" width="940"] Өзен соры[/caption] «Өзен соры» кеше пайда болған жоқ. Бұдан 1000 ба, 2000 жыл бұрын ба анау Тетис мұхиты тартылғанда, осы Өзеннің ойы көлшік болып қалған. Заманның өтуімен сол көлшік тартылып-тартылып, сорға айналған. Сондықтан «Өзен», «Жаңаөзен» атауының тарихы тым әріде. Сол үшін оған өзара таласудың қажеті жоқ деп есептеймін. Міне, құрметті оқырмандар, осымен Өзен атануына да, оның қашан және қандай жағдайларға байланысты келіп шығу тарихына да нүкте қойылған сияқты. Дегенмен оқырмандар Өзен туралы аңыз-әңгімелер болса бізге жолдай берулеріне болады. Өйткені кешегі күн - бүгінге, бүгінгі күн - ертеңге, яғни келешекке тарих. Тарихты бүгінгі және келешек ұрпақтарымыздың біліп жүргендері жақсы.

Мұратбай ҰЛЫҚПАН,

Қазақстанның құрметті журналисі

Суреттеррді түсірген автор

1480
Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
анонс рухани жаңғыру жаңаөзен - 50 жыл
Image placeholder

Маңғыстау Медиа

Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

Алдыңғы жаңалық

Маңғыстау облысының әкімі Е. Тоғжановтың сұхбатын онлайн көріңіз

Келесі жаңалық

Бауыржан Мұхамеджанов Қазақстанның Грузиядағы елшісі болып тағайындалды

Пікірлер


    Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
    Жүйеге кіру

    Ұқсас жазбалар

    Жаңаөзенде республикалық айтыс өтеді

    [ 2018 ] 16 қазан, 13:56
    932

    Тағы да «Өзен» туралы

    [ 2018 ] 25 сәуір, 10:05
    1481

    Жаңалық жаршысы "Маңғыстауға" 45 жыл!

    [ 2018 ] 12 сәуір, 13:18
    750

    Теңге ауылындағы Наурыз той

    [ 2018 ] 22 наурыз, 19:57
    962

    Жаңаөзенде «Алтын қолды адам» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

    [ 2018 ] 22 қазан, 13:42
    1355

    Алқалы айтыс болды Жаңаөзенде

    [ 2018 ] 27 сәуір, 11:01
    915

    Рубрикалар

      ДенсаулықТағайындауАшық қоғамҚарақияБейнеуАстана - 20СпортСаясатӘлем жаңалықтарыСұхбатРедакция газеттеріХабарландыру

    Автордың басқа да жазбалары

    Ақтауда есірткі сатқан жас жігіт ұсталды

    16 маусым, 18:15
    431

    Мал азығы: Қымбатшылық қысып барады

    18 ақпан, 10:38
    640

    Теміржолдағы апат азаймай тұр

    17 ақпан, 11:32
    576

    Бағзы дәуірден үн қатқан...

    13 ақпан, 10:46
    1217

    Зейнетақы жинағын алу жолдары

    13 ақпан, 09:53
    758

    Тіл – адамзаттың ең басты қазынасы

    12 ақпан, 16:18
    580

    Жарнама берушілерге

    Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

    Правила сайта ©

    Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

    Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

    Mańǵystaý Media

    Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

    Редакция

    • Редакция туралы
    • Редакция газеттері
    • Редакция ұжымы
    • Байланыс мәліметтері

    Статистика сайта:

    Сопровождение сайта Mediana

    Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»