«Caspi Leader camp» бизнес жоба жасауды үйретті
[ 2017 ] 20 қыркүйек, 09:22 | Жастар беті
«Балдәурен» демалыс орнындағы «Caspi Leader camp» лагерінің қатысушылары бизнес жоба жасап үйренді. 18 қыркүйек күні жұмысын бастаған лагерьдің жабылу салтанаты бүгін өтеді. Онда «Yuframe» жобалық менеджері Расул Абдуллаевтың модераторлық етуімен пікірталас кеші ұйымдастырылады.
«Каспий жастар форумының» аясында ашылған лагерьде Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 100-ге жуық жас бизнес тренерлерден тәлім алуда. Осы уақыт ішінде елімізге танымал бизнес жаттықтырушылар жастарға дәріс оқыды. Тәлімгерлердің қатарында Синергия (Ресей) бизнес мектебінің қазақстандық өкілдігінің директоры Бауыржан Қасымбергебаев, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Өтешов, WAKE UP Technology бас директоры Асхат Әбжанов, «Yuframe» жобалық менеджері Расул Абдуллаев, Еуразиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов, бизенс тренер Берік Бижан бар. Сарапшылар мен бизнес-жаттықтырушылар үш күн бойы өз тәжірибелерімен бөлісіп, кәсіпкерліктің, инновация мен көшбасшылықтың қыр-сырын үйретті.
Жас көшбасшылар бүгін өздерінің дайындаған бизнес жобаларын қорғап, оларға сертификаттар тапсырылатын болады. Кешкісін жастар үшін teambuilding ұйымдастырылады.
Ертең «Caspi Leader camp» қатысушылары мен «Жас. Жалын. Жаңғыру» 1-ші халықаралық форумының делегациясы Назарбаев зияткерлік мектебіне барады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетсек, Каспий маңы елдерінің І халықаралық жастар форумы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес 22-қыркүйекте өткізілгелі отыр. Үш күнге созылған «Caspi Leader Camp» лагері осы форум аясында ұйымдастырылған болатын. Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Алматы Менеджмент Университеті өткізді.
Камшат ОҢҒАЛТАЙ
Суреттерді түсірген автор
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="36343,36342,36345,36346,36341,36344"]
936
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.