Маңғыстау облысы әкімдігінің Тілдерді дамыту, архивтер мен құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының 2017 жылғы бұйрығымен бекітілген «Қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекет және қоғамқайраткері, Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Маңғыстаудың төл перзенті Әбіш Кекілбайұлының шығармашылығына арналған «Аңызға айналған Абыз» көркемсөз оқу шеберлерінің ІІ республикалық байқауы өтті.
Әбіш Кекілбайұлын еске алу, шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, талапты, талантты жастарды іздеп табу мақсатындағы байқауға әр облыстан, Астана, Алматы қалаларынан 20-30 жас аралығындағы 15 үміткер қатысты.
Шара Н. Жантөрин атындағы облыстық музыкалық драма театрының әртістерінің Ә.Кекілбайұлы шығармаларын сахналауымен ашылды.
Алғашқы кіріспе сөз облыс әкімінің орынбасары М. Сқақовқа беріліп, ол Ә. Кекілбайұлы туралы қысқаша ой толғап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Еліміздің әр аймағынан келген қатысушылар абыздың шығармаларын мәнерлеп, нақышына келтіре оқып, 2 бөлім бойынша бақ сынасты:
- Әбіш Кекілбайұлының прозалық немесе драмалық шығармасынан үзінді оқу;
- Әбіш Кекілбайұлына арнау өлең оқу.
Қазылар алқасы қатысушылардың көркем мәтінді орындау шеберлігі, ой тереңдігі, көркемдік ерекшелігі, дауыс мәнері және тіл тазалығы, көркем мәтінді таңдау талғамы, өзектілігі мен маңыздылығы, сахна мәдениеті, сондай-ақ сахналық киім үлгісін бағалай отырып, жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады.
Бас жүлде – Манайұлы Ғылымқал (Шығыс Қазақстан облысы);
І орын – Шығыров Асланбек Сағыдатұлы (Батыс Қазақстан облысы);
ІІ орын – Қуанғалиев Хайдар Бауыржанұлы (Атырау облысы);
ІІІ орын – Қайыргелді Гүлзат Русланқызы (Ақмола облысы);
Ынталандыру –Нұртай Айсұлу Еламанқызы (Қарағанды облысы).
Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері қазылар алқасының шешіміне сәйкес дипломдармен, алғысхаттармен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды.
Үміт ЖӘЛЕКЕ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="43311,43314,43313"]