Ақтауда "Жас Отанның" VI конференциясы өтті
[ 2017 ] 20 қыркүйек, 04:35 | Жастар беті
Бүгін "Нұр Отан" партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының VI конференциясы болып өтті.
Конференция Ақтау қаласы Ш.Есенов атындағы КМТИ университетінің мәжіліс залында өтті. Конференцияға аудан, қалалардан барлығы 140 делегат сайланып, оның 121 қатысты. Күн тәртібі бойынша үш мәселе қаралды:
Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласын талқылау;
2. «Жас Отан» ЖҚ Маңғыстау облыстық филиалының соңғы 2 жылдық есебін тыңдау;
3. Астана қаласында өтетін «Жас Отан» ЖҚ IV съезіне делегаттарды сайлау.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша баяндамалар оқылып, ұсыныс тілектер айтылды. Шараға "Нұр Отан" партиясы МОФ төрағасының бірінші орынбасары Тумышев Нури Лазарұлы, Маңғыстау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Жеткізген Досан Жеткізгенұлы және жастар ұйымдарының өкілдері, жастар орталықтарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдары, "Жас Отан" ның мүшелері қатысты. Конференцияда, қараша айында Астана қаласында өтетін "Жас Отан" ЖҚ-ның IV съезіне Маңғыстау облысынан қатысатын делегаттар сайланды.
"Жас Отан Маңғыстау" баспасөз қызметі
1017
Маңғыстау Медиа
Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.