Маңғыстауда Каспий маңы елдерінің І халықаралық жастар форумы аясындағы «Caspi Leader Camp» лагері жұмысын бастады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Әзірбайжан Республикасына жұмыс сапары аясында берген тапсырмасына сәйкес Каспий маңы елдерінің І халықаралық жастар форумы аясында «Caspi Leader Camp» лагері жұмысын бастады.
Шараны Маңғыстау облысының әкімдігі, Алматы Менеджмент Университеті ұйымдастырып отыр.
Лагерь жұмысына ҚР Жастар көшбасшылары, өңірлік жастар ұйымдарының жетекшілері, жастар бірлестіктері мен одақтарының жетекшілері, жастар ресурстық орталықтарының директорлары, АТ дамуы саласындағы жас мамандар, ЖОО жастар бірлестіктерінің өкілдері, мәдениет және спорт саласының өкілдері, жас кәсіпкерлер, жас саясаткерлер және әлеуметтанушылар және блогерлер, барлығы 150 адам қатысады.
Шараның басты мақсаты - Қазақстанның жас көшбасшылары– интеллектуалдық және рухани көшбасшылық туын ұстаушыларға арнап оқыту пікірталас алаңын қалыптастыру. Жастардың мәдени кодын сәйкестендіру, қоғамға қызмет пен сананы жаңғырту құндылықтарын нығайту, жаһандық әлеуметтік жауапкершілікті, жауапты белсенділікті, көшбасшылықты, инновациялық ойлауды, жасампаздық пен кәсіпкерлік құзыреттілікті дамыту.
Форум аясындағы шаралар Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы жасампаз идеяларды халықаралық деңгейде насихаттау, сондай-ақ Каспий маңы мемлекеттерімен жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.
Лагерьге қатысушылар 3 күннің ішінде түрлі форматтағы жобаларға қатысып, жұлдызды тәлімгерлер мен бизнес жаттықтырушылардың дәрістерін тыңдайды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының әкімімен пікірталас та ұйымдастырылады.
Халықаралық жастар форумына жұлдызды тәлімгерлер, Танымал сарапшылар және бизнес-жаттықтырушылар қатысады. Бауыржан Қасымбергебаев,Синергия (Ресей) бизнес мектебінің қазақстандық өкілдігінің директоры, Нұрлан Өтешов, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» ҰАҚ Басқарма төрағасы, Асхат Әбжанов, WAKE UP Technology бас директоры, Расул Абдуллаев, «Yuframe» жобалық менеджері, Гүлмира Қорғанбаева -«Алматы Менеджмент Университет»БМ ректоры, Ғани Нығыметов, Еуразиялық интеграция институтының директоры өз тәжірибелерімен бөліседі.
Лагерьден күтілетін нәтижелер:жастар көшбасшылары санасының түрленуі, болашақ мүмкіндіктер мен трендтерді қабылдау аясының кеңеюі, жастар көшбасшыларының рухани құндылықтарды жетілдіру мен 4-ші өнеркәсіптік төңкеріс салдарының сын-тегеуіріндер тізбегіндегі өзіндік орындарын айқындаудағы стратегиялық мүмкіндіктерді түсінуі, соны тәсілдемелер, құралдар, болашақ көшбасшыларының жаңа құзыреттіліктері, жобалық құзыреттіліктерді жасақтау, жаңа байланыстар, жан-жақты стратегиялық ойлау қабылеті қалыптасқан көшбасшылармен байланысу.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН