©
Бүгін Ақтауда «Хан-Шахар» салтанат сарайында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысу жастардың «Каспий серпін толқыны» республикалық форумының «Мамандығым – мақтанышым» атты ашылу салтанаты өтті. Жиынға «Серпін» әлеуметтік жобасына қатысушы 150 студент, облыстық мәслихат депутаттары, жас мамандар, қоғамдық ұйым басшылары қатысты. «Серпін» бағдарламасының мүмкіндіктері таныстырып, ақпараттандыру үшін арнайы колледж, мектеп бітіруші түлектер мен ата-аналар шақырылды.
Айта кетейік, қазіргі таңда 9 облыста 16 000-нан астам студент, оның 3616-сы 35 колледжде, 12 793 студент 26 жоғары оқу орындарында білім алып жатыр. Мемлекет тарапынан беріліп жатқан гранттар көбінесе педагогика, техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, ветеринария, медицина мамандықтарына берілген.
- Қарт Каспийдің жағасында өткелі отырған республикалық жастар форумына қош келдіңіздер! Қазақстанның түкпір-түкпірінде «Серпін» бағдарламасымен 1000-ға жуық студент біліп алып жатыр. Биыл Маңғыстаудан түлеп ұшқан 500-ге жуық түлек «Серпін» грантының иегері атанды, - деген дерек келтірді Маңғыстау облысы әкімнің кеңесшісі Серікбай Төлетов.
«Серпін» бағдарламасы ҚР Білім және ғылым министрлігі, Халықаралық бағдарламалар орталығы акционерлік қоғамы Ұлттық жобалар басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып келеді. Аталған басқарманың вице президенті Асқар Талғат Төлеубайұлы:
- Бұл бағдарлама 2014 жылдан бастап түлектерге тегін оқу грантын беруді бастады. Тұрғындар өз аймағында қашан бос жұмыс орны табылады деп күтіп отырмай, қай облыста жұмыс табылса, сонда баруға дайын болғаны жөн. 2016 жылдың қыркүйегінен бастап «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» - «Серпін» әлеуметтік бағдарламасының әкімшісі болып тағайындалды. Жоба бойынша 2015 жылы 23, 2016 жылы 125, 2017 жылы 1007 студент бітіріп шықса, 2018 жылы 1911, 2019 жылы 4513 студент бітіріп шығады деген жоспар бар. Айта кетейік, «Серпін» бағдарламасы аясында 2017-2018 оқу жылында республика бойынша 4513 грант бөлініп, оның 3793-і жоғары оқу орындарына, 720-ы колледждерге берілді, - деді.
Оқи отырыңыз: Қарақұдықтағы қанішер құбыжық халықтың қорқынышын күшейте түсуде (ВИДЕО)- Мен Сыр елі, Қызылорда облысының тумасымын. Қазір "Серпін" бойынша Жезқазғандағы Жезқазған бизнес және көлік колледжінің 4-курсында оқып жатырмын. Менің оқып жатқан мамандығым - "Жылжымалы құралды басқару". Оқу орнымызда Оңтүстік өңірден келген 100 студент білім алып жатыр. Жас талапкерлер білімін шыңдау үшін Жезқазғанға шақырамын! Оқуында еркін, жасай берсін Серпін, - деді "Серпін" грантының иегері Тілеухан Айдын Бақытұлы.
Жоғары оқу орнында грант алу – кез келген түлектің арманы. «Серпін» жобасы барда бұл арманды жүзеге асыру аса қиындық тудырмасы анық. Грантта оқып, мамандық меңгеру үшін Қазақстанның қай қаласында білім алу маңызды емес. Сол себепті, оқушыларды арнайы ақпараттандыру мақсатында мұндай ауқымды шара өткізудің маңызы зор. Мектеп оқушылар жас серпіндіктердің жалынды сөздерімен қанаттанып, ерекше әсер алып қайтты.
Айгүл ДӘДЕН Суреттерді түсірген Талант ҚҰСАЙЫН
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="34700,34701,34702,34703,34704,34705,34706,34707,34708,34709,34710,34711,34712,34714,34715,34716,34718,34719,34720,34721,34722,34723,34724,34726"]