Еңселі Елорда, ерке Есіл. Күмбезі көк тіреген, көркі көз жауын алар Елорда төрінде маңғаз Маңғыстау өңірінің мәдениет күндері өтуде. Маңызы зор, ауқымы кең іс-шара тарих тереңіне бойлап, бағзыға тағзым етуден басталды. Маңғыстау топырағында туып-өскен, түлеп ұшқан кіл жақсы-жайсаң, беделді ел азаматтары мен билік өкілдері Отан-Ана монументі маңында бас қосты.
Тәуелсіздік, батыр бабалар рухына тағзым, ерлік пен елдік, бірлік пен бейбітшілік сынды киелі ұғымдарды астарына сыйғызған монументке гүл шоқтарын қойып, ата-баба рухына тағзым етті. Сондай-ақ, Маңғыстау облысы жағалық-күзет өңірілік басқармасының 2201б, 2201а, 2018 әскери бөлімдерінің сарбаздары саптық маршпен "Отан Ана" монументіне гүл шоқтарын қойды.
Маңғыстау делегация сы облыс әкімі бас болып, Қабанбай батыр мазары маңында жер ленген киелі түбектің төл перзент і, замана заңғары Әбіш Кекілбайұлы мен жыр патшайымы Фариза Оңғарсынованың зираты на тәу етіп, рухына құран бағыштады. Қабір басына гүл шоқтарын қойып, көзі тірісінде есімі бүткіл елге мәшһүр болған тарлан тұлғалардың өнегелі өмір жолын еске алысты.
“Бұл қасиетті топырақ. Кемеңгер Кекілбаевтың, поэзия дүлділі Фариза апамыздың зираты жатыр. Зиярат қылу соңғы уақытта дәстүрге айналып келеді. “Өлі жібімей, тірі байымайды” деген қазақтың сөзі бар. Әбіш аға Астананың сокралдық орындарын көбейту керек деп сан мәрте айтқан болатын. Осы жерге келгеннен кейін бір тіземізді бүгіп, зиярат етіп кетпесек, бір нәрсені жоғалтқандай болып тұрамыз. Өткенді жаңғырту арқылы ғана ертеңіңді тірілте аласың. Осы сапарымызды өткенді еске алудың жоралғысы деп есептеймін. Кейінгі осы ізден жаңылмасын”,- деді ақын Светқали Нұржан.
Голрох ЖЕМЕНЕЙ Суреттерді түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ
[gallery td_select_gallery_slide="slide" ids="32636,32639,32638,32640,32637"]