Ақтау қаласының тұрғыны “жолыңды ашуға көмектесемін” деп уәде беріп, кейін сөзінде тұрмай, алдап кеткен алаяқ әйелге қатысты полицияға арызданды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Алаяқ балгер жәбірленушінің сеніміне кіру арқылы оның 779.601 теңге көлемінде қаржысын жымқырған.
Криминалдық полиция қызметкерлерімен 32 жастағы күдікті ұсталды. Аталған дерек ҚР ҚК 190-бабы (алаяқтық) бойынша тіркелді. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.
Маңғыстау облысы ПД алаяқтардан аса сақ болуларыңызды сұрайды. Зиянкестердің құрығына түсіп қалмаңыздар!