Ақтаудың бойтұмары мен визит картасына айналған «Маяк» шамшырағы қайта қосылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі таңда аталған нысанды дамыту бойынша жоспарлар әзірленіп жатыр. Тұрғын үйдің төбесінде ерекше нысан «Маяк» шамшырағы күн сайын түнде жанып тұрады.
Тұрғын үй төбесіне шамшырақ орнату әлемде тұңғыш рет 1974 жылы Ақтауда іске асырылған болатын. Жарық беретін белгілер «Меловой» мүйісінде 7,5 метр, ал теңіз деңгейінен 73 метр биіктікте, тұрғын үйдің 11 қабатында орналасқан. Мұнараның жалпы биіктігі 10 метр. Нысан құрылысы 8 қырлы конструкциядан тұрады. Құрылымның ерекшелігі мен беріктігі соншалық, нысан әлі де бұрынғы қаз-қалпында тұр.
Қазіргі таңда теңіз кемелерінің қозғалысы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін түрлі инновациялық навигациялық аспаптар қолданылады. Алайда ақтаулықтар үшін «Маяк» шамшырағының орны ерекше.