Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында ҚР Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5548 әскери бөлімінің аумағында Наурыз мейрамы тойланып өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Айтулы іс-шараға әскери бөлімнің жеке құрамы толық қатысты. Әскери бөлімнің клубында концерттік бағдарламамен басталған мейрам ұлттық ойындармен жалғасын тапты. Шара барысында мерекелік дастархан жайылып наурыз көже, бауырсақ және басқа түрлі дәмді ұлттық тағамдар таратылды.
– Бұл мейрам — ата-бабамыздан келе жатқан Ұлы мереке, қазақ халқының күнтізбесіндегі Жаңа жыл. Әдеттен жаңылмай, ұлттық мейрамымызды әскери борышын өтеп жүрген сарбаздар арасында да жыл сайын өткізіп келеміз, өйткені ұрпақ өз тарихын, дәстүрін білуі тиіс — дейді 5548 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік – құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары подполковник Руслан Бөлегенов.