Облыстық онкологиялық диспансерде ашық есік күні өтеді. Облыс тұрғындары тегін кеңес алып, онкологтардың қарауынан өте алады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz орталықтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қабылдауды онколог, маммолог және онкохирург жүргізеді.
Сонымен қатар, компьютерлік томография, сүт бездерінің ультрадыбыстық және маммографиясы бойынша кеуде қуысының тексеруінен өтуге болады.
Орталықтың баспасөз қызметінің мәліметінше, өткен жылы ұйымдастырылған Ашық есік күндерінің қорытындысы бойынша облыстың 1000 тұрғыны тізімге алынған.
Ағымдағы жылдың қаңтар айында 64 адам, ақпан айында 153 облыс тұрғыны диспансерлік есепке алынған.
Ашық есік күні 25 наурыз, сенбі күні сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін өтеді. Өзіңізбен бірге жеке бас куәландыратын құжат болуы керек.
Өтетін орны: Ақтау қаласы, 1 “А” шағын аудан, онкологиялық диспансер ғимараты.