19 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы күні Ақтау қаласында қоғамдық көліктердің қозғалысы тегін болады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты облыстық сайлау комиссиясына сілтеме жасап.
Бұл N:2, 3, 4, 4М, 5, 7, 8 қалалық бағдарларға қатысты. Қоғамдық көліктер әдеттегі кесте бойынша сағат 6:40-тан 21:00-ге дейін жұмыс істейді.