19 наурызда Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне түскен өтініштер бойынша ерекше қажеттіліктері бар тұрғындарға 15 автокөлік инватакси қызметін көрсетеді. Бұл туралы Маңғыстау сайлау комиссиясы мәлім етті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мүгедектердің жекелеген санаттарына сайлауға қатысу үшін келесі қызметтер көрсетіледі:
- 1-ші топтағы мүгедектерге, оның ішінде мүгедектер арбасына таңылғандар мен көзі нашар көретіндерге жеке көмекші ретінде тағайындалған адамдар көмектеседі;
- Есту қабілеті бұзылған азаматтарға Ақтау қалалық саңыраулар қоғамынан 2 маман, «Маңғыстау» саңыраулар қоғамынан 4 адам және ым тілі бойынша 13 жеке маман қызмет көрсетеді.