Жаңаөзен қаласының прокуратурасы «ECSAD» ЖШС-де еңбек заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, құқық бұзушылықтарды анықтады. Серіктестік 62 жұмысшыларына 2022 жылдың желтоқсанына және ағымдағы жылдың ақпан айына 24 млн. теңгеден астам жалақы төлемеген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Осыған байланысты прокуратура Маңғыстау облысының
мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыну енгізді.
Ұсынуды қарау нәтижесімен берешек толығымен өтелді, жұмысшылардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді.
Бұдан басқа, "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" ҚР Кодексінің 87-бабының 1-бөлігіне сәйкес еңбекақы төлеу жөніндегі талаптарды бұзғаны үшін жұмыс берушіге 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.