Еске салайық, төтенше жағдай бүгін, 11 мамырда сағат 11:21-де 9-шағын аудан, 4-үй мекенжайында болды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz аймақтық ПД-ға сілтеме жасап.
Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.
Мән-жайды анықтау барысында демонтаждау жұмыстары кезінде подъездегі қалқаның опырылып түскені анықталды. 53 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды.
Аталған факті ҚР ҚК-нің 277-бабы (Құрылыс жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік ережелерін бұзу) бойынша Ақтау қаласының ЕРДР ММ-де тіркелді.
Сараптама тағайындалды.
Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.