Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевтан tengrinews.kz журналисті ол тұрғындардың есінде қандай сипатта қалады деген сұрақ қойды.
– Әрбір әкім белгілі бір істерімен есте қалады. Біреу – Ақтаусити бойынша, біреу – жағалау бойындағы жұмыстар арқылы. Сіздің облыста қалдырғыңыз келетін жобаңыз бар ма?
– Өңірдегі жағдайды зерттеп, әріптестеріммен мәселелерді талқылағанда инфрақұрылымға көңіл бөлу керек деген пікірге баса назар аудардым. Бірден су желілерін, кәріз құбырларын, жылу жүйелерін және т.б. ауыстыру қажет.
Сонда бір әріптесім: «Нұрлан Асқарұлы, олар сізді есіне сақтамайды. Ақшаны жерге көміп тастайсыз ғой. Одан да «Ноғаев салды» деп айтатын ғимарат салыңыз” деді. Мен оған ондай маған қажет емес екенін айттым.
Мен аймақтың лайықты дамуы үшін қолымнан келгеннің бәрін жасағым келеді. Егер инфрақұрылымды ауыстыру жобасын жүзеге асырсақ, облысты сумен қамтамасыз етсек, «Мен өзіме байланысты барлық нәрсені істей алдым» деп айтуға осының өзі жетеді деп ойлаймын.
– Шартты түрде мұның бәрі 2025-2026 жылдары іске асырылып, аяқталса мойныңыздан жүк түскендей болатын сезінесіз бе?
- Иә. Мен бұл істерге араласқанымды, қатысым болғанын мақтан ететін боламын.