Мәжіліс депутаттығына кандидат Салтанат Бралина тұрғындарды наурыздың 3-і күні өтетін МАЭК-тің қоғамдық тыңдауына шақырды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
“Көріп отырғандай, жалпы облыс бойынша су тапшылығына тап болып отырмыз. Қазір әрбір отбасы суды уақытша, сағатпен тоқтату секілді шектеулерді сезінуде. “МАЭК” қазір инвестиция мен жедел жаңғыртуды қажет етеді, әйтпесе қала сусыз қалуы мүмкін.
Екібастұздағы жағдай тәуелсіздіктің 30 жылында коммуналдық саланың жеткен жетістігін көрсетті. Шын мәнінде мемлекеттік сектордағы барлық нәрсе кеңестік техникаға негізделгенін айқын көрсетті. Әдемі тұсаукесерлер мен тәтті сөздердің заманы өтті, енді нақты істер мен іс-әрекеттер ғана жағдайды өзгерте алады. Біріншіден, МАЭК-ке одан әрі сумен жабдықтау жүйелерін қайта жарақтандыру үшін қаржыландыру қажет. Қаржыландыру тарифтерді көтеру арқылы емес, толық көлемде бюджеттен қамтамасыз етілуі қажет. Екіншіден, МАЭК-тің бірнеше жыл бойы жинақталған миллиард долларлық дебиторлық берешегі бар. Енді әрбір қала тұрғыны тарифті қорғауға шығып, “мұндай қарыз қайдан пайда болды, кім кінәлі? Ең бастысы бұл жағдайлар тарифке қалай әсер етеді?” деген сауалдарға жауап іздеуі керек, - деді ол.
Осыған байланысты Салтанат Бралина барлық тұрғындарды ертең, 2023 жылдың 3 наурызында “МАЭК” тарифін қорғау бойынша қоғамдық тыңдауға қатысуға шақырды.
Қоғамдық тыңдау Ақтау қаласы, 1 шағын аудан, Маңғыстау облыстық ғылыми-әдістемелік орталығының ғимаратында сағат 11.00 де басталады.