Шаһар басшысы облыстық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімін орындамағаны үшін жазаланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұған дейін сот жауапкердің жер учаскесінің нысаналы мақсатынын өзгертуден бас тартуы заңсыз деп танып, жердің нысаналы мақсатын өзгертуді, яғни бір ай ішінде ЖШС-нің пайдасына қолайлы әкімшілік акт қабылдауды міндеттеген.
Алайда, осы уақытқа дейін сот шешімі орындалмай, қала әкімі қолайлы әкімшілік акті қабылдауға ешқандай шара қолданбаған.
Әкімшілік кодекстің талаптарына сәйкес, сот шешімдерін орындау соттың бақылауында және оларды орындаудан жалтарғаны үшін 50 АЕК мөлшерінде ақшалай жаза арқалайды.
Нәтижесінде, сот Ақтау қаласының әкіміне қатысты 50 АЕК мөлшерінде, яғни 172 500 теңге ақшалай өндіріп алу шарасын қолдануды ұйғарған.
Әкім ақшалай өндіріп алуды 5 күн ішінде төлеуі және сот шешімін 10 күн ішінде орындауы керек. Әйтпесе, ақшалай өндіріп алу 10 АЕК-ке ұлғайтылған мөлшерде қайта қолданылатын болады.