10 наурыз күні Маңғыстау облысындағы Қазақстан халқы Ассамблеясы шығармашылық ұжымының солисі, «Muzaev production» вокалды мектебінің жетекшісі, сазгер Ислам Музаев небәрі 33 жасында бақиға аттанған еді. Ол жасындай жарқ еткен қысқа ғұмырында Қазақстан халқы Ассамблеясы мен өңір өнерінің дамуына ерекше үлес қоса білді. Жоспар бойынша 8 наурыз күні оның жеке концерт өтуі тиіс еді. Өкінішке қарай, сазгер шұғыл түрде аурухана жатқызылып, дәрігерлер оған пневмония диагнозын қойды.
Сазгердің дүние салуы жайлы оқыс жаңалықты көпшілік ауыр қабылдады.
Ислам Музаев Шешенстан Республикасындағы ауылдардың бірінде дүниеге келген. 2001 жылы жанұясымен Ақтауға көшіп келген. Ақтау қаласындағы №6 орта мектепте оқып, сол мектепті тәмамдаған. Жоғары оқу орнын аяқтаған соң Абай атындағы мәдениет үйінде вокалмен шұғылдана бастаған.
Оны айналасындағылар азаматтық ұстанымы мен адами қасиеттері үшін жоғары бағалайды.
- Исламның өнердегі жолы 2010 жылдан басталды. 2016 жылы Абай атындағы мәдениет үйінде өзінің алғашқы «Мен қазақстандықпын» атты қайырымдылық концертін ұйымдастырды. 2017 жылы Ақтау қаласының Ислам Музаев Достық үйінде «Muzaev production» балалар вокалдық мектебін ашып, жиырмаға жуық жас өнерпаздардың шығармашылық қабілетін ашуға жәрдемдесті. Сенбі күндері балаларға актерлік шеберлік сағатын өткізіп, оларды сахнада сенімді болуға үйретті, сонымен бірге оларда ең жақсы қасиеттерді тәрбиелеп, қалыптастырды, – дейді өңірлік «Қоғамдық келісім» басқармасының басшысы Амангүл Жайылханова.
Ислам Музаев ЭКСПО-2017 көрмесінің қатысушысы, қалалық, республикалық шығармашылық байқаулар мен фестивальдердің жеңімпазы, Маңғыстау облысы әкімінің алғыс хатымен марапатталған.
- Жыл сайын Маңғыстау облысының Қазақстан халқы Ассамблеясында Ислам «Алғыс айту күні», «Қазақстан халқының бірлігі күні», «Республика күні», жаңа жыл секілді мерекелер аясында "Muzaev production" вокалдық мектебінің концерттік бағдарламаларын ұйымдастырды. Ислам өте жақсы, талантты және позитивті адам болды. Біздің жадымызда оның жарқын бейнесі мәңгі сақталады, - деді Амангүл Жайылханова.
- Мен Исламмен алғаш рет Ассамблея үйінде таныстым. Маған басында оның ұлтының кім екені қызық болды. Бұл сұрағыма ол мақтанышпен «Ұлтым – шешен» - деп жауап берді. Сол кезде осетин этномәдени бірлестігінің төрағасы бола тұра, мен оны біздің орталықтың мүшесі болуға шақырдым. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері әрқашан жас, белсенді, талантты балаларды іздейтін еді. Ол да келісе кетті. Сонымен, мерекелердің бірінде ол біздің этномәдени орталығымыздың атынан сөз сөйледі. Кейін оны шешен-ингуш этномәдени бірлестігіне шақырды. Осылайша, ол Ассамблеяның барлық бірлестіктері ұйымдастырған іс-шараларға белсенді қатысып жүрді. Ислам асыл азамат, әдепті, жанашыр адам еді. Әрдайым айналасындағы адамдарға жәрдемсіп, жақсылық жасап жүруші еді. Кейін мен оның ата-анасымен, әпкелерімен де таныстым. Оның қайтыс болғанын естіп, қатты қамықтым.
Біз Исламды ерекше құрметтеп, мақтан тұттық. Ислам 2018 жылы Қазақстанның құрметті қонағы ретінде Шешенстанның Грозный қаласындағы концертке қатысты. Сол жиында Шешенстан Республикасының президенті Рамзан Қадыров те көрермендердің қатарында болды. Шешенстан басшысы кейін Исламды туған жеріне де шақырды. Әйтсе де марқұм Қазақстанды жақсы көретінін айтты, - деді осетин диаспорасы бірлестігінің жетекшісі Фатима Биркл.
- 2020 жылдың 7 наурыз күні Исламмен таныстым. Сол уақытта біз концерттердің бірінде қатар өнер көрсеттік. Сонда ол маған өзінің «Қазақстан» әнін сыйға тартты. Әуеннен кавказ халықтарының мақамы байқалатынды. Ол менің дауысым мен би ырғағымдағы композициялық үйлесім бұл әнге әр беретінін жеткізді. Жалпы, біз бүкіл Қазақстан бойынша концерттерде жиі өнер көрсеттік. Исламның шәкірттері оны қатты жақсы көрді. Ислам хақында ол балалардың ата-аналарында да тек жақсы ой қалдым. Марқұмның қолдауы әрқашан шабыт пен жігер сыйлайтын еді, – деді әнші, хореограф Диляра Күлдиева.