1-сыныпқа оқушыларды қабылдау құжаттарының тізімінде 026 анықтама болған. Алайда мектеп белгілі бір себептермен оның орнына 052 үлгідегі анықтама талап ете бастаған. Бұл туралы 1-сыныпқа қабылданатын балалардың анасы әлеуметтік желіде шағымданды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
"Анықтаманың бланкісін 026-дан 052-ге кенет өзгертті. Ал емхана оның бар-жоғын білмейді, ондай үлгі де жоқ", - деп жазады ата-аналар.
Қалалық білім бөлімі өзгерістерге қатысты түсініктеме берді. Олар баланы бірінші сыныпқа қабылдаудың маңызды шарты 052-2/у нысанының болуы, яғни баланың денсаулық паспорты екенін хабарлады.
«Егер емхана сізге 026 анықтамасының ескі нұсқасын берсе, уайымдамаңыз! Ең бастысы, медициналық тексеру жақында жүргізілуі, анықтамадағы мәліметтер өзекті. Емханаларда да 052у нысанындағы жаңа анықтаманы бере бастады, бұл үлгі де қолайлы. Мектептер медициналық анықтаманың екі нұсқасын да (052-2/у және 052у) қабылдайды», - деп хабарлады білім бөлімі.