Маңғыстаудағы тергеу изоляторы қызметкерлері студенттер мен түлектерге ҚР ІІМ Қостанай академиясына түсу бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Осы мақсаттта олар мектептер мен колледждерге арнайы барып, кездесулер өткізуде, деп хабарлайды mangystaumedia.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл жолы кездесу Мұнайлы ауданының мектебінде өтті. 11-сынып оқушысы Ғалымжан Базарбаев келесі жылы мектепті бітіреді. Сондықтан, қазір ол үшін оқу орнын таңдау мәселесі өте өзекті.
"Бүгін мен ҚР ІІМ Қостанай академиясы туралы біршама ақпарат білдім. Маған шәкіртақы және жол ақысын өтейтіндігі ұнайды. Болашақта осы академияда білім алуды көздеп отырмын", - деді мектеп оқушысы Ғалымжан Базарбаев.
Маңғыстау облысының ҚАЖД №77 мекемесінің қызметкерлері оқушыларға оқу орны туралы бейнероликтер көрсетті. Болашақ түлектерді ҚР ІІМ жүйесінде оқудың артықшылықтары қызықтырды. Мысалы, төрт жылдық оқудан кейін академия түлектері лейтенант атағына қол жеткізіп, жұмысқа орналаса алады.
"Полицияға жас және келешегі зор балалар қажет. Біз қазір академияның мүмкіндіктерін көрсету үшін мектептер мен колледждерді аралап жатырмыз. Балалар қандай артықшылықтарды пайдалана алатынын айтамыз. Академияда оқу мерзімді әскери қызмет өткерумен теңестірілуі маңызды. Егер балалардың біреуі осы оқу орны туралы ақпаратқа қызығушылық танытса, онда олар бізге тергеу изоляторы қызметкерлеріне немесе облыстың ҚАЖД-на жүгіне алады. Біз қажетті барлық құжаттарды жинауға көмектесеміз, ұсыныстар береміз, - деді Маңғыстау облысы ҚАЖД №77 мекемесі бастығының кадр жұмысы жөніндегі орынбасары Азат Шабиков.
Алдаүы уақытта қала мен аудандардың басқа да жалпы білім беру мекемелеріне бару жоспарланған.