Түркияда болған қайғылы оқиғаға орай білім басқармасының басшысы Динара Жұмашева еңбекақысының бөлігін зардап шеккен азаматтарға көмек ретінде аудару жөнінде шешім қабылдады. Облыстың бас ұстазының бұл бастамасын басқарма қызметшілері, білім бөлімдерінің басшылары, облыстағы меншік нысанына қарамастан барлық білім білім беру ұйымдарының директорлары мен мұғалімдер қауымы бірауыздан қолдап, бір күндік еңбекақыларын көмекке аудару туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бүгінгі таңда Түркия Консулдығы тарапынан ұсынылған есеп-шоттарға қаражат аудару басталды. Айта кететін жай, бұл шара ерікті түрде, қызметкерлердің өз шешімдерімен жүруде.