Полицейлер күдіктіні ұстады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Ақтау қаласының тұрғыны ұрлық дерегі бойынша қалалық полиция басқармасына өтініш білдірді. Жәбірленушінің айтуынша, ағымдағы жылдың 5 желтоқсанынан 5 қаңтарына дейін, яғни бір ай ішінде беймәлім адам үйінен алтын сырғалар мен білезіктер, 2.800 АҚШ долларын, сондай-ақ 140.000 теңгені ұрлаған. Белгілі болғандай, үй иесі пәтердің кілттерін күтушіге сеніп тапсырған, яғни ол кез-келген уақытта пәтерге кіре алу мүмкіндігіне ие болған.
Криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 27 жастағы әйелдің жеке басын анықтап, ұстады. Бұл факт ҚР Қылмыстық кодексінің (ұрлық) 188-бабы бойынша Ақтау ҚП сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Өзге мәліметтер тергеу мүддесі үшін жария етілмейді.