Ақтау қаласының әкімдігінің аккаунтында 20 “а” шағын ауданында белгісіз біреулер көлікпен келіп, құрылыс қалдықтарын контейнерлерге лақтырған видео жарияланды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
-Қазір қоқыс тастаған белгісіз тұлғалар анықталуда. Тәртіп бұзушыларға шара қолданылады, - делінген хабарламада.
Әкімдік тұрғын үй жанындағы контейнерлер тұрмыстық қатты қалдықтарға арналғанын еске салады.
Сондықтан тұрғын үйлердің жанындағы контейнерлерге ірі көлемдегі (жиһаз) және құрылыс қалдықтарын тастауға тыйым салынады.