Жедел басқару орталығы сан салалы полиция күшін үйлестірудің негізгі пункті болып табылады. Дәл осы жерге тәулік бойы қылмыстар мен оқиғалар туралы барлық ақпарат келіп түседі, деп хабарлайды mangystaumedia.kz облыстық ПД-ға сілтеме жасап.
Бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері бір ай ішінде 25 қылмыс фактісі ашылды. Оның ішінде: 7 ұрлық, 2 бұзақылық, екі көлік айдап кету, бір қарақшылық және басқалары.
Сондай – ақ, 4 214 түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Олардың басым бөлігі жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады. Құқық бұзушылар тиісті жауапкершілікке тартылды. ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы "алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу" бойынша 194 адамға қатысты хаттамалар жасақталды, ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша "ұсақ бұзақылық" бойынша 253-тен астам адам жауапқа тартылды.