Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, қала тұрғындарын мазалайтын мәселелердің бірі - түнгі тыныштықты бұзатын кафелер мен басқа да ойын-сауық орындарына қатысты. Бұл жайлы Маңғыстау облысы әкімдігінде өткен құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында айтылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Егер маңайдағы қоғамдық тамақтандыру мекемесі тәртіп бұзса, онда полицияға хабарласу керек, құқық қорғау органдары бұл мәселеге байыппен қарауы тиіс. Кәсіпкерлік бөлімі де өз ұсыныстарын беруі керек. Гигиеналық нормаларды, шу деңгейін сақтамағаны үшін кінәлі екендігі туралы дәлелдемелерді алған кезде кәсіп иесі заңға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылуы керек. Бұл - Telegram чатына жиі қойылатын сұрақтардың бірі. Осыған байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын, – деді Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.